«Шақырады Наурыз-көктем!»
Көктемгі демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жоспарына сәйкес 22 наурызда бастауыш сынып оқушылары үшін «Шақырады Наурыз-көктем!» шарасы өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранын тыңдаудан басталды. Содан кейін балалар Наурыз мерекесінің тарихы туралы презентацияны тамашалады.
Іс-шара барысында балалар Көктем, Наурыз мерекесі туралы өлеңдер оқыды.Сонымен қатар балалар сурет салып, мереке тақырыбына ермексаздан қолөнер бұйымдарын мүсіндеді, жұмбақтар шешті, ойындар ойнады, би биледі. Іс-шара қуаныш пен күлкі атмосферасында өтті. Балалар үлкен ләззат алды.






Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі Глушич Л.В.