Көңілді үзілістер — қуаныш пен күлкіге толы сәттер!

Көңілді үзілістер — қуаныш пен күлкіге толы сәттер!
Мектебімізде бастауыш сыныптар онкүндігі аясында мектеп өмірінің жарқын әрі қызықты сәттеріне айналған көңілді үзілістер өткізілуде!
Үзіліс кезінде оқушылар қимылды ойындарға, көңілді сайыстарға және қызықты тапсырмаларға қатысады. Мұндай іс-шаралар балаларға сабақ арасында сергіп, жағымды көңіл күй сыйлауға, ептіліктерін шыңдауға, тапқырлықтарын көрсетуге және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға көмектеседі.Көңілді үзілістер оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, балаларды жақындастырады және мектеп күндерін күлкі мен қуанышқа бөлейді. Өйткені мектеп - тек сабақ пен білім ордасы ғана емес, сонымен қатар достықтың, қарым-қатынастың және жарқын әсерлердің мекені!
Бірге оқимыз, ойнаймыз, достасамыз және бірге өсеміз!