Текст
2021 жылдың 11 ақпанында IQanat олимпиадасының аудандық кезеңінің бірінші туры өткізілді, оған 8 сынып оқушылары қатысты.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру; оқушылардың жалпы білім беретін пәндерді оқуға қызығушылығын қалыптастыру; оқушылар арасында тікелей қарым-қатынас пен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру.
Олимпиаданың бірінші туры қашықтықтан өтті. Олимпиадаға қатысушылар төрт бағыттың біреуі бойынша бейімділікті анықтау үшін барлық пәндер бойынша тест тапсырды.