Өткенді миллиондаған жыл бұрын көру үшін уақыт машинасы қажет емес.
Басынды көтеріп, аспанға қарау жеткілікті.
Мақсаты: оқушылардың ғарышкерлікке, ғарышқа алғашқы ұшулар туралы білімдерін қалыптастыру; оқушылардың патриоттық тәрбиесіне ықпал ету; ғарышкер тарихын зерделеу, танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту, ғарышты зерттеуге деген қызығушылығын арттыру.
12 сәуір-Ғарышкерлер күні. Бүгін біздің сыныпта осы тақырыпқа арналған сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсатын алдына қойып, тақырыпты білу үшін балаларға тақтада біздің іс-шарамызға сай келетін сөзді таңдау керек болды. Одан кейін балалар астрономия ғылымы туралы ақпаратты тыңдады. Дайындалған оқушылар бүгінгі мереке туралы, Жердің алғашқы ғарышкері Ю. Гагарин туралы айтып берді, Қазақстан ғарышкерлерінің аттарын атады, ғарышқа адамға дейін кім ұшқанын еске түсірді, "Космонавт" физминуткасын орындады, "Вселенная" тақырыбы бойынша синквейн құрастырды, викторинаға қатысып, әр түрлі материалдардан ұшу аппараттарын өз бетінше орындады.
Балалардың реакциясы бойынша іс-шара өте ұнады және белгілі бір мақсатқа жетті деп айтуға болады.