"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлан басы сайлауы

16.11.2019

12 қараша күні "Приозерное орта мектебі" ММ-де Ұлан басы сайлауы өтті.

Ұлан басына барлығы 3 кандидат тіркелді: Денисов Даниил (10 сынып), Гуйван Виолетта (9 сынып) және Қайырбаев Бахтияр (9 сынып).

Апта бойы 5-11 қараша аралығында сенімді тұлғалармен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, кандидаттар өздерінің сайлау алдындағы науқанында бүкіл мектеп алдында өз бағдарламаларымен сөз сөйледі.

11 сынып оқушыларысайлау комиссиясын құрады. Олар сайлауды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастыру жұмыстарымен айналысты. Бұл дауыс беруге арналған құжаттарды және сайлау учаскесін дайындау.

Учаске бойынша барлығы 128 сайлаушылар болды. Сайлауға балалар да, мектепалды сыныбы, мектеп ұжымы да қатысты. Барлығы 108 адам дауыс берді.

Сайлау қорытындысы:

19 дауыс - Денисов Даниил;

43 дауыс – Қайырбаев Бахтияр;

46 дауыс - Гуйван Виолетта.

Салтанатты сапта, сайлаудың қорытынды хаттамасы оқылғаннан кейін, жеңімпаз Ұлан басы инаугурациясы қабылданды, ал жігіттер Ұлан басына орынбасарлары ретінде тағайындалды.

 

Просмотров: 588


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст