23.11.2023
        Өрт кезінде не стеу керек
	- Аузыңыз бен мұрныңызды кез-келген, мүмкіндігінше ылғалды матамен жабыңыз
 
	- Оттан қашыңыз
 
	- Жеделсатыны пайдаланбаңыз
 
	- Артық оттегінің кіруіне жол бермеу үшін терезелерді ұрмаңыз
 
	- Тез жанатын сұйықтықтарды (бензин, керосин) жəне қосылып тұрған электр аспаптарын сумен сөндірмеңіз
 
Үй жайда, биік ғимаратта, адамдар көп жиналатын жерде
	- Егер өрт ошағы кішкентай болса, өзіңіз өртті барлық қол жетімді құралдармен өшіруге тырысыңыз: өрт сөндіргіштермен, кез-келген тығыз матамен, құммен, гүл құмыраларының топырағымен, сумен жəне т. б.
 
	- Электр сымының оқшауламасы жанған кезде электр желісін арнайы орыннан өшіріңіз
 
	- Өрт жағдайы туралы көршілерге немесе басқа кабинеттердегі қызметкерлерге дереу хабарлаңыз жəне эвакуацияны бастаңыз
 
	- Электр жабдықтарын өшіріңіз
 
	- Мүмкін болса, есікті жауып, бөлмеден шығыңыз
 
	- Оттан қашыңыз, ештеңені іздемеңіз жəне жинамаңыз
 
	- Балалар мен қарт адамдарға көшеге шығуға көмектесіңіз
 
	- Кіреберісте немесе дəлізде түтін шыққан кезде, шығатын есікке еңбектеп барыңыз
 
	- Қауіпсіз жерге шығыңыз
 
	- Егер үй-жайдан баспалдақ арқылы шығу мүмкіндігі болмаса, түтін кіріп кетпес үшін кіретін есікті ішінен ылғалды матамен тығыздаңыз, содан кейін балконға шығып, өрт сөндіру қызметінің келуін күтіңіз
 
	- Жел кесірінен от қаттырақ жанып кетпеуі үшін есік жəне терезелерді жабыңыз
 
Автокөлікте немесе қоғамдық көлікте 
	- Өрт туралы жүргізушіге дереу хабарлаңыз
 
	- Көлікті тоқтатыңыз, қозғалтқышты өшіріңіз, тежегішке қойыңыз
 
	- Көліктен шығыңыз, қоғамдық көлікте апаттық люктер мен бүйір əйнектерді қолданыңыз
 
	- Өрт сөндірушілер келгенге дейін өрт сөндіргіштің, құмның немесе қардың көмегімен өртті сөндіруге тырысыңыз
 
	- Капот жанған кезде оны қолыңыздағы өрт сөндіргішсіз ашпаңыз (ашу кезінде оттегінің ағыны жалынды күшейтеді)
 
	- Автокөліктен алыстаңыз, себебі жанармай багы жарылуы мүмкін
 
Далада немесе орманда
	- Өрт ошағын тығыз материалмен, топырақпен, құммен сөндіруге тырысыңыз, жалынды шыбықтармен немесе ағаштардың бұтақтарымен қағып, сумен өшіріңіз жəне т. б
 
	- Өртті сөндіргеннен кейін, өрттің қайта жанбайтынына көз жеткізгенше кетпеңіз
 
	- Егер өрт қатты болса, оның таралу бағытына перпендикуляр қозғалып, тез кетіңіз
 
	- Егер кету мүмкін болмаса, ал жақын жерде су айдыны болса, оған түсіп, ылғалды киіммен үстіңізді жабыңыз
 
	- Ашық кеңістікте ауа аз түтіндеген жерге қарай бұғыңыз
 
101 немесе 112-ге қоңырау шалған кезде диспетчерге не хабарлау керек?
	- өрттің немесе жанудың мекен жайын
 
	- өрт нысанын (аулада, пəтерде, қоймада жəне т. б.)
 
	- жанған зат (теледидар, жиһаз жəне т. б.)
 
	- қажет болған жағдайда-кіреберіс, пəтер нөмірі, ғимараттың қабаттылығы жəне өрт қабатын, оған кіруге ыңғайлы жерді, аумаққа кіру кодтары жəне т. б.
 
	- тегіңіз бен телефоныныңызды
 
Нақты және байсалды сөйлесіңіз!
Жанудың алғашқы белгілерін жəне түтіннің иісі кезінде 101 теру арқылы өрт сөндіру қызметін немесе 112 теру арқылы құтқару қызметін шақырыңыз.
