"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Приозерное ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ келесі мемлекеттік қызметті көрсетеді:
1. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"мемлекеттік көрсетілетін қызметі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес көрсетіледі; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 24-бұйрығы 2020 жылғы маусым № 264. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 маусымда № 20899 болып тіркелді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері:
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі-портал);
2) көрсетілетін қызметті беруші (мектепте).
Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне нысанға сәйкес ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
2)жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Профилактикалық егулер картасы" № 065/у нысанындағы және "Бала денсаулығы паспорты" № 052-2/у нысанындағы медициналық анықтамалар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
4)) 3х4 см баланың сандық фотосуреті.
Портал арқылы жүгінген кезде "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап орта білім беру ұйымына қабылданғаны және тізімге алынғаны туралы хабарлама келеді, құжаттардың толық топтамасын бермеген кездедәлелді жауаппен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламакеледі.
Көрсетілетін қызметті беруші хабарламада ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қызмет көрсету аумағынан өтініш берген алғашқы үш көрсетілетін қызметті алушыға қабылдануы туралы, содан кейін - ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қызмет көрсету аумағынан емес, бірінші болып тіркелгендердің ішінен 1 (бір) үміткерге қабылдануы туралы хабарламада көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде (қағаз жүзінде) - ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап орта білім беру ұйымына қабылдау және оқуға қабылдау туралы хабарлама беріледі, құжаттар топтамасы толық берілмеген жағдайда - бас тарту себебін көрсете отырып, дәлелді бас тарту туралы хабарлама беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің "Жеке кабинеті", (анықтамалық қызметтері), сондай-ақ (Бірыңғай байланыс орталығы) "1414", 8-7172-906-984 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
Жұмыс кестесі :
Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) порталда www.egov.kz.