Декада
2-4 сынып оқушылары арасында орыс тілі пәнінен олимпиада
Бастауыш сыныптар онкүндігінің іс-шаралар жоспары аясында 2-4 сынып оқушылары арасында орыс тілі пәнінен олимпиада өткізілді.
Олимпиада барысында оқушылар әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындап, орыс тілі пәні бойынша білімдерін көрсетті. Олар орфографиялық сауаттылықты тексеруге арналған жаттығулар орындап, емле ережелерін қолданды, тілдік тапсырмаларды шешті, сөздермен және сөйлемдермен жұмыс істеді. Сонымен қатар тапқырлық пен логикалық ойлау қабілеттерін танытты.
Олимпиада оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, зейінін, сауатты жазу қабілетін дамытуға және алған білімдерін тәжірибеде қолдануына ықпал етті.Олимпиадаға қатысқан барлық оқушыларды құттықтаймыз! Оқуда жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!
Бастауыш сынып мұғалімдері