Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде, 3 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күніне орай 6-сыныпта «Жас Елдің жолы» сынып сағаты өтті.
Мақсаты:
- оқушыларды Қазақстанның тәуелсіздік үшін күресімен, Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерімен таныстыру.
- табиғи ресурстарға бай, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі бар ел ретінде Қазақстан Республикасы туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында оқушылар «Сынақ сағаты» деректі фильмін тамашалады, оқушылар Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктері туралы дайындалған хабарламаларды оқыды, ребустар шешті, сұрақтарға жауап берді.
Сынып жетекшісі Кравченко Л.В.