Ұйымдар тізімі
Цифрлық дәуір - табысқа бастар формула.
Бүгін мектебімізде математика, информатика және физика пәндеріне арналған «МИФ» онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.
Онкүндіктің негізгі мақсаты - оқушылардың дәл ғылымдарға деген қызығушылығын арттырып, олардың қазіргі заманғы өмірдегі және болашақтағы маңызын айқындау.
Іс-шараға дәл ғылымдар саласында өшпес із қалдырған ғалымдар -Архимед, Әл-Фараби және Алан Тьюринг қатысып, мазмұнды әрі тағылымды ойларымен бөлісті. Өз сөздерінде олар математика, информатика және физика саласындағы білімнің болашақ мамандықтарды таңдаудағы шешуші рөлін ерекше атап өтті.
Онкүндік аясында интеллектуалдық ізденістерге, логикалық есептерге, жасанды интеллектті қолдана отырып жүргізілетін ғылыми тәжірибелерге, танымдық квесттер мен қызықты шеберлік сабақтарына ресми түрде бастау берілді.Салтанатты жиынға қатысқан оқушылар көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, жаңа білімге деген құштарлық пен өз қабілеттерін танытуға деген зор ынта алды. «МИФ» онкүндігі 5-11 сынып оқушылары үшін мазмұны бай, әсерлі әрі пайдалы болатыны сөзсіз.
МИФ пәндері мұғалімдері
Қауіпсіз интернет күні