Текст
Таңертең мектеп ауласында музыка ойнап тұрды, бұл оқушылар мектеп табалдырығында мұғалімдеріне ашық хаттар, гүлдер мен құшақтар түрінде тосын сыйлартар атты. Бір күн бұрын оқушылар құттықтау плакаттарын, коллаждар, бейне құттықтаулар дайындады. Салтанатты жиыннан кейін оқушылардың күшімен дублерлер күні өткізілді, 8-11 сынып оқушылары педагогтардың орнында өздерін сынап көрді. Сабақтан кейін педагогикалық еңбек ардагерлері мен ата-аналар қатысқан мерекелік концерт ұйымдастырылды.