«Кітап оқитын ұлт»
«Оқитын ұлт»: оқыған шығармамыздан алған әсерімізбен бөлісеміз!
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 10 сынып оқушысы Реуцкая Анастасия оқырман марафонына қатысып, француз жазушысы Ги де Мопассанның «Алқа» әңгімесі бойынша өз әсерімен бөлісті.
Анастасия шығарманың басты кейіпкерлерімен таныстырып, негізгі оқиғаларын баяндады және туындының басты идеясы туралы өз ойымен бөлісті. Бұл шығарма адамды өмірлік құндылықтар, даңққұмарлық, жауапкершілік және ойланбай жасалған әрекеттердің салдары туралы ойлануға жетелейді.
Кітап оқу адамның рухани дүниесін байытып, ойлау қабілетін дамытады және өмірді тереңірек түсінуге көмектеседі.
Кітап оқиық, ой бөлісейік, алған әсерімізбен бөлісейік! Оқуды игі дәстүрге айналдырайық!
Кітапханашы: Шокаева С.О.