«Кітап оқитын ұлт»
«Оқырман - Читатель»: оқуды біріктіретін ортақ құндылық!
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында мектеп кітапханасының оқу залында оқуды насихаттауға және әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға бағытталған «Оқырман - Читатель» педагогтер клубының кездесуі өтті.
Оқу марафонының қатысушысы Сергеева Надежда Олеговна марафонға қатысу тәжірибесімен бөлісіп, оқыған кітаптары, марафонның ерекшеліктері мен қол жеткізген нәтижелері, соның ішінде жинаған ұпайлары туралы әңгімеледі.
Кездесу еркін пікір алмасу, әсерлерімен бөлісу және оқырмандық тәжірибе алмасу форматында өтті. Мұндай бастамалар кітап оқудың тек білім көзі ғана емес, сонымен қатар тұлғалық дамуға, шабыт алуға және жаңа дүниелерді тануға мүмкіндік беретінін көрсетеді.
Барлық педагогтерді оқу марафонына қатысуға, әдеби жаңалықтарымен бөлісуге және оқу мәдениетін дамытуға үлес қосуға шақырамыз!
Кітапханашы: Шокаева С.О.