Құқық бұзушылықтың алдын алу
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектебімізде тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шара барысында оқушыларға қауіпсіз әрі жауапты мінез-құлық ережелері, заңнаманы сақтау, айналасындағыларға құрметпен қарау және құқық бұзушылыққа жол бермеу туралы түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және өз іс-әрекеттеріне саналы түрде қарауға ықпал етеді.