Туған ауылымызды бірге таза әрі көрікті етеміз!
Туған ауылымызды бірге таза әрі көрікті етеміз!
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында «Приозёрное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мектеп аумағын абаттандыру және көгалдандыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Мектеп қызметкерлерінің күшімен ағаштардың бұтақтары қырқылып, кесілген бұтақтар мен ағаш қалдықтары жиналды. Мектепке іргелес аумақты тазарту және ағаш кесінділерін жинау жұмыстарына «Агро-Lake» ЖШС қолдау көрсетті. Көмегі мен абаттандыру ісіне қосқан үлесі үшін ұйымға және оның басшысы А.В. Галюкке шынайы алғысымызды білдіреміз!
Сонымен қатар, өз еңбектерімен, жауапкершілігімен және мектебімізге деген жанашырлығымен үлес қосқан мектеп қызметкерлері Реуцкий А.В., Гуйван В.В., Кайырбаев Б.Е., Жмурко А.В., Сергеев А.С., Кузин А.П., Домашних В.А.-ға ерекше алғыс айтамыз.
Бұл игі іске жоғары сынып оқушылары да белсене қатысты: Сенн Р., Сергеев И., Надь Д., Тулегенов А., Жмурко А., Махомет В., Змиевский Д., Сартаков К. Балаларға белсенділіктері, көмекке дайын тұратындары және ортақ іске қосқан үлестері үшін рақмет! Ересектер мен оқушылардың бірлескен еңбегі - туған өлкені сүю мен оған қамқорлық жасаудың жарқын үлгісі.
Мектеп- Приозёрное ауылының ажырамас бөлігі, ауыл тұрғындарының бірнеше ұрпағын біріктіретін ортақ шаңырақ. Мектеп аумағын абаттандыру арқылы біз балаларымызға, туған ауылымызға және оның барлық тұрғындарына қамқорлық жасаймыз. Әрқайсымыздың ортақ күш-жігеріміз бен табиғатқа деген жанашырлығымыздың арқасында айналамыз таза әрі көрікті бола берсін!
Бірлесе атқарған әрбір ісіміз-туған Приозёрное ауылы мен осында тұратын барша тұрғындардың игілігі үшін!