«Жауапты таңдау - жауапты іс-әрекет»

Жауапты таңдау – жауапты іс-әрекет

5-8 сыныптарда «Жауапты таңдау - жауапты іс-әрекет» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Оқушылар өмірлік жағдаяттарды талдап, қабылданған шешімдердің салдарын талқылады және өзгелердің сезімдері мен құқықтарын ескере отырып, қиын жағдайлардан дұрыс жол табуды үйренді.
Сонымен қатар құрдастарының қысымына қарамастан, өз ұстанымын сақтап, сенімді түрде «жоқ» деп айтудың маңызы және өз қателіктерін мойындап, оларды түзете білу туралы әңгімелесті.
Буллингке қарсы күреске және қиын жағдайларда ересектерден көмек сұраудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Әрбір іс-әрекеттің маңызы бар! Әсіресе, біздің таңдауымыз айналамыздағы адамдардың амандығы мен қауіпсіздігіне әсер еткен кезде.