«Әділетті Қазақстан: адал азамат - прогрессивті ұлт»

«Әділетті Қазақстан: адал азамат - прогрессивті ұлт» тақырыбындағы сынып сағаты
Сынып сағаты барысында оқушылар Қазақстанның адал әрі жауапты азаматы қандай болуы керектігін талқылады. Адалдық, әділдік, заңды құрметтеу және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қараудың маңызы туралы әңгімелесті.
«Заң мен тәртіп» құндылығы аясында оқушылар өмірлік жағдаяттарды қарастырып, дұрыс адамгершілік таңдау жасауды және ортақ ережелерді сақтаудың маңызын түсінді.
Талқылау барысында елдің болашағы әр азаматтың адалдығына, белсенді азаматтық ұстанымына және айналасындағы адамдарға деген құрметіне байланысты деген қорытындыға келді.
Қорытынды: әділетті мемлекет әр адамның адал іс-әрекетінен басталады.
Бастауыш сынып мұғалімдері