«Кітап оқитын ұлт»
«Кітап оқитын ұлт» іс-шарасы аясында мектеп педагогтері кітап оқу мәдениеті мен кітапқа деген сүйіспеншілік тақырыбында бас қосты.
Ұстаз - тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар өз шәкірттеріне үлгі болатын тұлға. Кітап оқитын ұстаз кітап оқитын ұрпақты тәрбиелейді, ал кітап оқитын ұрпақ- оқырман ұлттың болашағы.
Кітап адамның ойлау қабілетін дамытады, тіл байлығын арттырады, дүниетанымын кеңейтеді және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Өзіңізге кітап оқуға аз да болса уақыт бөліңіз, жаңа кітаптармен танысып, қызықты оқиғалар әлеміне саяхат жасаңыз. Кітап оқу әр күннің ажырамас бөлігіне, ізгі әдетке айналсын!
Өйткені кітап оқитын ұлт- білімді, рухани бай әрі өркениетті қоғамның кепілі.
Кітапханашы: Шокаева С.О.