«Жаңа Конституция аясындағы заң мен тәртіп — „Әділетті қоғам“»

9–11 сыныптарда «Жаңа Конституция аясындағы заң мен тәртіп — „Әділетті қоғам“» тақырыбында тақырыптық сынып сағаттары өтті.
Жоғары сынып — оқушылардың әлемге саналы түрде қарап, болашағын жоспарлайтын және өзіндік азаматтық ұстанымын қалыптастыратын жасы. Сондықтан да сынып сағаты құрғақ баяндау емес, шынайы әрі қызу пікірталас түрінде өтті. Оқушылар жаңа Конституцияның құндылықтары мен құқықтық сауаттылық мәселелерін талқылады.
«Әділетті қоғам заңды құрметтеуден және өз іс-әрекетіңе жауапкершілікпен қараудан басталады» — жоғары сынып оқушыларының талқылау барысында түйген басты тұжырымы осы болды.

Жауаптылар: 9–11 сынып жетекшілері