«Теңге - Қазақстанның қаржылық тәуелсіздігінің символы»

«Приозёрное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 11 сынып оқушылары арасында «Теңге - Қазақстанның қаржылық тәуелсіздігінің символы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылар ұлттық валютаның ел тәуелсіздігі үшін маңызын, қаржылық сауаттылық негіздерін және ақшаға жауапкершілікпен қарау мәселелерін талқылады.
Қосымша «Абайлаңыз, жұқа мұз!» тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізілді. Жоғары сынып оқушыларына жұқа мұзға шығудың қауіптілігі және су айдындарының маңында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі ескертілді.
Сынып жетекшісі: Жмурко С.В.