«Адал азамат -Адал еңбек -Адал табыс»

«Адал азамат - Адал еңбек - Адал табыс»

5-8 сынып оқушылары арасында «Адал азамат -Адал еңбек -Адал табыс» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - оқушыларға адалдықтың, жауапкершіліктің, адал еңбектің және заңды құрметтеудің маңыздылығын түсіндіру.
Сынып сағаты барысында оқушылар адал азамат болу дегеніміз не, еңбекті адал атқарудың маңызы қандай және табысқа неліктен тек адал жолмен жету керектігі туралы ой бөлісті.
Оқушылар әңгімелесу барысында өз пікірлерін білдіріп, өмірден мысалдар келтірді. Қоғамдағы адалдық пен әділдіктің маңызы туралы ой қозғады.
Сынып сағаты оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды, азаматтық жауапкершілікті және еңбекке деген құрметті қалыптастыруға ықпал етті.Өйткені адалдық әрқайсымыздан басталады!

5-8 сынып жетекшілері