«Бір кітап -бір әлем»

Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында мектеп кітапханасының оқу залында «Бір кітап -бір әлем»атты танымдық кездесу өтті.Іс-шараның мақсаты - оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті саналы қабылдауға және оқыған шығармасы туралы өз ойын еркін жеткізуге баулу.
Кездесу барысында оқушы Болат Наргиз «Сүйкімді қыз бен сиқыршы шал» кітабын таныстырып, шығарма мазмұны, ерекше сюжеті, кейіпкерлердің бейнесі мен туындының тәрбиелік мәні туралы өз әсерімен бөлісті. Жас оқырман кітапты құрдастарына шын ықыласымен оқуға ұсынды.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, әдеби мұраға қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.
Кітапханашы: Шокаева С.О.