«Жауапты таңдау- жауапты әрекет»
«Жауапты таңдау- жауапты әрекет»
1-4 сыныптарда «Жауапты таңдау- жауапты әрекет» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар жауапкершілік ұғымы, өз шешімдерін ойланып қабылдаудың маңыздылығы және әрбір іс-әрекеттің қандай салдарға әкелуі мүмкін екендігі туралы әңгімелесті.
Оқушыларға түсінікті әрі қызықты түрде өмірлік жағдаяттар талқыланып, сұрақтарға жауап берілді, кейіпкерлердің іс-әрекеттері сараланып, дұрыс және бұрыс шешімдерді ажыратуға үйренді. Айналасындағыларға құрметпен қарау, ережелерді сақтау, өз сөздері мен іс-әрекеттеріне жауап беру, өзгелерге көмектесу және бейжай қарамау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оқушылар маңызды қорытындыға келді: әр адам күн сайын таңдау жасайды, ал сол таңдауға тек өзінің көңіл күйі ғана емес, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы да байланысты.