«Теңге - Тәуелсіздіктің тірегі»

«Теңге - Тәуелсіздіктің тірегі»
«Адал Азамат» тәрбиелік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында бастауыш сыныптарда «Теңге- Тәуелсіздіктің тірегі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - оқушылардың Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тарихы туралы білімдерін кеңейту, теңгеге еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің нышандарының бірі ретінде құрметпен қарауға баулу, патриоттық сезім мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында оқушылар ұлттық валютамыз - теңгенің пайда болу тарихын қайталап, оның айналымға қашан енгізілгенін, неліктен «теңге» деп аталғанын және тәуелсіз Қазақстан үшін қандай маңызға ие екенін еске түсірді.
Ұлттық валютаның ерекшеліктеріне, оның қорғаныш белгілеріне, сондай-ақ еліміздің бай тарихын, мәдениеті мен жетістіктерін бейнелейтін суреттер мен нышандарға ерекше назар аударылды.
Оқушылар әңгімелесуге белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді, өз білімдерімен бөлісті. Сонымен қатар қаржылық сауаттылықтың, ақшаны ұқыпты пайдаланудың және әрбір азаматтың өз Отанының әл-ауқаты үшін жауапкершілігінің маңызы туралы ой бөлісті.
«Абайлаңыз: жұқа мұз!»
Бастауыш сынып оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар аясында «Абайлаңыз: жұқа мұз!» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді.
Әңгімелесу барысында оқушылар күзгі-қысқы кезеңде су айдындарының қандай қауіп төндіретінін және жұқа мұздың үстіне шығуға неліктен қатаң тыйым салынатынын білді. Өзендер, көлдер және басқа да су айдындарының маңында қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Бастауыш сынып мұғалімдері.