«Жазасыз тәрбие болмайды»

Біздің мектепте өзекті әрі пікірталас тудыратын «Жазасыз тәрбие болмайды» тақырыбында дебат өтті.Дебатқа қатысушылар екі топқа бөлініп, қарама-қарсы көзқарастарын ұсынып, дәлелдеді. Оқушылар тәрбие берудегі жазаның рөлі, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау, балалар мен ересектер арасындағы түсіністік, сыйластық пен өзара құрметтің маңыздылығы туралы ой қозғады.
Пікірталас барысында қатысушылар өз көзқарастарын қорғау, қарсы тарапты мұқият тыңдау, дәлелді пікір айту және өзгелердің ойын құрметтеу дағдыларын көрсетті.Дебат оқушыларды маңызды сұрақтар төңірегінде ойлануға жетеледі:тұлғаны қалыптастыратын не -жаза ма, әлде түсіндіру мен қолдау ма? Қаталдық па, әлде сыйластық пен түсіністік пе?
Ең бастысы - тек өз ойыңды жеткізе білуді ғана емес, өзгені тыңдап, оның пікірін түсінуге үйрену!

«Эрудит» дебат клубы