Концерт

Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт
Ұстаздар күніне орай мектебімізде оқушылардың қатысуымен ұстаздарға арналған мерекелік концерт өтті.
Концерттік бағдарлама әсем әндерге, әсерлі музыкалық шығармаларға, көркем билерге, шығармашылық және театрландырылған қойылымдарға бай болды. Әрбір өнер көрсетілімінен оқушылардың ұстаздарына деген шынайы құрметі мен ыстық ықыласы айқын сезілді.
Сахна төрінде ұстаздарға арналған жүрекжарды әндер шырқалып, әсем билер мен қызықты сахналық көріністер көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.
Әрбір өнер көрсетілім ұстаздар еңбегіне деген құрмет пен шынайы алғыстың жарқын көрінісіне айналды. Оқушылар өз өнерлері арқылы білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарына жүрекжарды тілектері мен ыстық ықыластарын білдірді.
Мерекелік концерт ұстаздар мен оқушыларды өнер мен шығармашылық, сыйластық пен жылулық арқылы біріктіріп, барша көрерменге қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мерекелік концертті дайындауға, ұйымдастыруға және өткізуге белсене атсалысқан барлық оқушылар мен ұстаздарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Құрметті ұстаздар, Ұстаздар күні құтты болсын!
Еңбектеріңіз әрдайым бағаланып,