Онкүндіктің жабылуы

Мектебімізде көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық онкүндігінің жабылуына арналған салтанатты жиын өтті.
Жиын барысында онкүндіктің қорытындысы шығарылып, белсенді қатысушылар атап өтілді. Осы күндер ішінде оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, музыкалық және спорттық шеберліктерін танытып, алғашқы әскери дайындық саласындағы білімдері мен дағдыларын көрсете алды.
Іс-шараларды ұйымдастырған педагогтерге, ал белсенділік танытып, бастамашылдық көрсетіп, бір-біріне қолдау білдірген оқушыларға алғысымызды білдіреміз!
Онкүндік барысында алған әсерлері мен тәжірибелері оқушыларды жаңа жетістіктерге жетелесін!