Құқықтық сағат

Құқықтық сағат

Бүгін мектебімізде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, полиция және прокуратура органдары өкілдерінің қатысуымен «Құқықтық сағат» өтті.
Кездесу барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпарат алды. Сонымен қатар өз құқықтарын қорғау және көмек алу үшін қайда жүгінуге болатынын білді.
Мұндай кездесулер оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жауапты мінез-құлық қалыптастыруға және заңды құрметтеуге ықпал етеді.