«Ертегілер әлемінде»
«Ертегілер әлемінде» - бастауыш сыныптар онкүндігінің 5 күні!
Даярлық сыныбында балаларға көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлаған «Ертегілер әлемінде» атты қызықты викторина өтті.
Балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, сүйікті ертегі кейіпкерлерін еске түсірді, жұмбақтар шешті, викторина сұрақтарына жауап беріп, тапқырлықтарын көрсетті.
Балалар шаршап қалмас үшін көңілді сергіту сәттері ұйымдастырылды. Олар бойларын сергітіп, тынығып, келесі тапсырмаларды орындауға күш-қуат жинады.
Іс-шараның пайдасы қандай? Балалардың сөйлеу тілі, есте сақтау қабілеті, зейіні, қиялы мен логикалық ойлауы дамыды. Олар бір-бірін тыңдауға, сұрақтарға жауап беруге және бірлесе жұмыс істеуге үйренді. Сонымен қатар ертегілердің балаларды мейірімділікке, достыққа, өзара көмекке және әділдікке тәрбиелейтініне көз жеткізді.
Саяхат көңілді, танымды әрі қызықты өтті! Өйткені ертегі -тек сиқырлы әлем ғана емес, өмірдің алғашқы сабақтары!
Даярлық сынып мұғалімі:Кайырбаев Б.Е