Күн сайын біздің жолдарда көп автомобильдер пайда болады. Қозғалыстың жоғары жылдамдығы мен қарқындылығы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өте мұқият болуды талап етеді. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін сақтауы және тәртібі – көшедегі қауіпсіз қозғалыстың негізі.
8 шілде күні мектеп жанындағы алаңда "Жас жаяу жүргінші" күні өтті. Балалар жолда жүру мәдениетін тәрбиелеу мақсатында өтті.
Алдымен балалар "Смешарики: Қауіпсіздік әліппесі" мультсериалының бірнеше сериясын көрді. Әрбір серияда қандай да бір қауіпті жағдай көрсетілді және жеңіл ойын түрінде қалай істеу керектігі айтылды. Балалар
жолда, метрода, көлікте өзін қалай ұстау керектігін, автомобильде не үшін белдік тағылады және жол белгілері нені білдіреді туралы айтылды.
Одан әрі балалар викторинаға қатысты. Викторина қатысушылары ЖЖЕ бойынша жұмбақтар шешті, көлік құралдары айтылған мультфильмдер мен ертегілер бойынша сұрақтарға жауап берді. Викторина қорытындысы бойынша бірдей ұпай санымен 1 орынды: Реуцкая Анастасия, Мирзоева Фатима, Реуцкий Роман және Мамедова Мадина иеленді.
Викторинадан кейін біздің мектеп жанындағы алаңның кейбір қатысушылары "Жол жүру ережелері" суреттер байқауына қатысты. Сурет сайысына қатысқаны үшін барлық қатысушыларға грамоталар берілді.
Мектеп жанындағы алаң тәрбиешілері: Т.А. Шипило, Р.А. Анапина