|
«Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныбына балаларды қабылдау үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Талаптар тізбесі) |
||
|
1 |
Қызмет көрсетушінің атауы |
Орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) |
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – Портал); |
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1 (бір) жұмыс күні |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Балаларды жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныбына қабылдау/мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
|
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1. Қызмет көрсетушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қабылдау көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады. 2. Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Кодекске сәйкес өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: |
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
- порталға: 1. «Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныбына балаларды қабылдау үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші; 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамаларының нысандарын бекіту туралы, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген № 065/у нысандағы иммундау паспорты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық). 3. ҚР ДСМ №175/2020 бұйрығымен бекітілген № 052-2/у нысандағы баланың денсаулық паспорты; 4. Баланың өлшемі 3х4 см электрондық фотосуреті. - қызмет көрсетушіге (қағаз түрінде): 1. «Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныбына балаларды қабылдау үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес 11-нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші; 2. Баланың туу туралы куәлігі (құжаттарды қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі ұсынады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (құжаттарды қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі ұсынады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ №175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамаларының нысандарын бекіту туралы, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген № 065/у нысандағы иммундау паспорты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ДСМ №175/2020 бұйрық); 5. ҚР ДСМ № 175/2020 бұйрығымен бекітілген № 052-2/у нысандағы баланың денсаулық паспорты; 6. ҚР ДСМ № 175/2020 бұйрығымен бекітілген № 027/у нысандағы анықтама; 7. Баланың өлшемі 3х4 см 2 дана фотосуреті. Тиісті мемлекеттік органдармен белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған жағдайда (төтенше жағдай енгізілгенде, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде) осы аумақтағы көрсетілетін қызметті алушылар № 065/у нысандағы иммундау паспортын және № 052-2/у нысандағы баланың денсаулық паспортын шектеу іс-шаралары алынған, төтенше жағдайдың қолданылуы тоқтатылған кезде орта білім беру ұйымына тікелей ұсынады. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптар тізбесіне сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге берілетін келісімінің болмауы; 4) сынып-жинақтардың толып кетуі. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар, оның ішінде цифрлық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтер |
Көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ болған жағдайда, ол Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті цифрлық нысанда алу мүмкіндігіне ие. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Порталдың «жеке кабинеті» арқылы, қызмет көрсетушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414» Бірыңғай байланыс орталығы, 8-800-080-7777 арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігіне ие. Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары: Порталдағы «жеке кабинеттен» ұсынылған, мәліметтері сұратылатын тұлғаның келісімі болған жағдайда үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы. |
«Жалпы білім беретін мектептердің,
лицейлер мен гимназиялардың
мектепалды сыныбына балаларды
қабылдау үшін құжаттарды қабылдау
және оқуға қабылдау» мемлекеттік
қызметті көрсетуге қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне
1-нысан
Директорға
____________________
Білім беру ұйымы атауы
директордың тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
_________________
көрсетілетін қызметті алушының
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефон: ___________
Өтініш
Менің баламды ___________________________________________________________________
(баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
_________________________________________________________________________________
(тіркеу мекенжайы, қала, ауыл, аудан, облыс)
__________________________________________________________________________________________ (білім беру ұйымының толық атауы)
оқуға қабылдауыңызды сұраймын.
Заңмен қорғалатын ақпараттық жүйелерде қамтылған құпия ақпаратты пайдалануға келісім беремін.
_____________________________
қолы
«___»______________20___жыл
«Жалпы білім беретін мектептердің,
лицейлер мен гимназиялардың
мектепалды сыныбына балаларды
қабылдау үшін құжаттарды қабылдау
және оқуға қабылдау» мемлекеттік
қызметті көрсетуге қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне
2-нысан
Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алғаны туралы қолхат
_____________________________________________________________________________
(елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)
Құжаттарды қабылдау туралы № ________ қолхат
________________________________________________________________ келесі
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
құжаттар қабылданды:
Сондай-ақ Сізге балаңыздың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қабылданатыны туралы хабарлаймыз.
____________________________
(өтінішті қабылдау күні)
_____________________________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
____________________________
(қолы)
Телефон _______________
Алдым:___________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / қолы)
«____» _________ 20__жыл.
«Жалпы білім беретін мектептердің,
лицейлер мен гимназиялардың
мектепалды сыныбына балаларды
қабылдау үшін құжаттарды қабылдау
және оқуға қабылдау» мемлекеттік
қызметті көрсетуге қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне
3-нысан
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Осы қолхатпен көрсетілетін қызметті алушының
_____________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
ЖСН: ________________________________
ұсынған құжаттары:
_______________________________________________________________________;
_______________________________________________________________________;
_______________________________________________________________________;
Өтініш білдірген күні: «____» ____________ 20 жыл
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес және/немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23890 болып тіркелген) ______________________________________________________________________
(бас тарту себебін көрсету)
Осы қолхат 2 (екі) данада жасалды, әр тарапқа бір-бір данадан беріледі.
Қызмет көрсетуші өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):
____________________________________________________________________________________
Лауазымы: ______________________________________________________________
Қолы: ___________________
Күні: «___» _______20 жыл
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (таныстым)
Қолы: _____
__________________
Күні «____» ____________ 20___ жыл