Бауырсақ

Бауырсақ - қазақ халқының ең сүйікті әрі қадірлі ұлттық тағамдарының бірі. Ол - жай ғана дәмді ас емес, халқымыздың қонақжайлығының, молшылық пен берекенің, отбасылық жылулық пен ынтымақ-бірліктің айқын символы.
Ежелден қазақтың кең дастарқаны бауырсақсыз жайылмаған. Үлкен мерекелерде, отбасылық тойларда, қуанышты сәттерде және қадірлі қонақтарды қарсы алғанда, дастарқанның сәнін кіргізген- алтын түстес, хош иісті, үлпілдек бауырсақ. Оны әжелеріміз бен аналарымыз ерекше ықыласпен дайындап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттық дәстүрді көздің қарашығындай сақтап келген.
Бауырсақтың әрбір бөлшегінде халқымыздың өмір салты мен дүниетанымы жатыр. Оның дөңгелек пішіні тұтастық пен бірлікті, ал ортақ дастарқан басында бауырсақтан дәм тату адамдар арасындағы сыйластықты, татулық пен бауырмалдықты білдіреді.
Бүгінде де бауырсақ -ұрпақтарды байланыстыратын, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін ерекше тағам. Оның дәмі бізге балалық шақты, әженің мейірімін, ананың алақан жылуын және қазақы дастарқанның қадірін еске салады.
Бауырсақ- тек ұлттық тағам ғана емес, ол- халқымыздың тарихы, ұлттық болмысы, салт-дәстүрі мен рухани мұрасының ажырамас бөлігі.Өйткені бауырсақтың дәмінде -дәстүрді мен рухани мұрасының ажырамас бөлігі.Өйткені бауырсақтың дәмінде -дәстүрдің ізі, әрбір үзімінде- әженің мейірімі, ал әрбір дастарқанында -қазақтың дархан көңілі жатыр!