Бүгін ақын, жазушы, қоғамдық-саяси қайраткер, түркітанушы, киносценарист, "Невада-Семей" халықаралық антиядролық қозғалысын құрушы, ЕҰУ ЮНЕСКО кафедрасының профессоры , Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры , "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік мұражайының директоры Олжас Сүлейменов 85 жасқа толды.
Олжас Сүлейменов 1989 жылы "Невада-Семей" қозғалысының көшбасшысы болды, оның мақсаты Семей және басқа да ядролық полигондарды жабу болды.
1989 жылдың күзінде "Невада-Семей" антиядролық халықтық қозғалысының күш-жігерінің арқасында Қазақстан аумағында ең жойқын және қиратушы қаруды сынау тоқтатылды.1 сынып оқушыларымен "Біз - Невада-Семей дегенде , Олжас Сүлейменов атамыздың есімі ойымызға түседі! " ақпараттық сағаты өткізілді.