«Көп тіл білу – заман талабы»
Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» тақырыбында «Көп тіл білу – заман талабы» атты пікірталас өткізілді.
Пікірталас барысында оқушылар көптілділіктің қазіргі қоғамдағы маңызы туралы өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар тіл үйренудің жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны және әр тілдің өзіндік құндылығы туралы ой қозғалды.