«Кім тапқыр?»

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында 7-сынып оқушыларымен «Кім тапқыр?» атты қызықты грамматикалық ойын өткізілді. Оқушылар түрлі грамматикалық тапсырмаларды орындап, сөздік қорларын молайтты, білімдерін шыңдап, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын көрсетті. Ойын оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.