Квест

Ұстаздар күніне арналған квест
Ұстаздар күніне орай мектебіміздің педагогтері үшін қызықты әрі көңілді квест ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ұстаздар интеллектуалдық және шығармашылық сынақтарға қатысып, түрлі тапсырмаларды орындады, логикалық жұмбақтарды шешіп, тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын, ұйымшылдығы мен командалық рухтарын көрсетті. Квест педагогтерге күнделікті мектептегі қарбаластан бір сәт сергіп, жағымды эмоциялар алып, әріптестерімен бірге көңілді әрі достық жағдайда уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік сыйлады.
Іс-шара барысында ұстаздар көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, жарқын әсер алды. Сонымен қатар квест командалық өзара әрекеттестік пен бір-біріне қолдау көрсетудің маңызын айқын көрсетті.Құрметті ұстаздар, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер, мол табыс және алға қойған мақсаттарыңыздың орындалуын тілейміз!