"Халықаралық Отбасы күні"

13 мамырда 7 – сыныпта Халықаралық Отбасы күніне арналған "Менің отбасым – менің байлығым" атты сынып сағаты өтті.

Мақсаты: отбасылық қарым-қатынастың құндылығы мен маңыздылығын көрсету.

Сынып сағаты барысында балалар сұрақтарға жауап беріп, отбасы туралы түрлі халықтардың мақал-мәтелдерін қайталап, сөз жұмбақ шешті. Сынып сағатының соңында балалар әр отбасында басым болуы тиіс барлық қасиеттер мен сезімдерді жазып, өз армандарының үйін салды.

Сынып жетекшісі Кравченко Л.В.