Текст
Ұйымдар тізімі
«Менің отбасым — менің әлемім» атты сурет көрмесі өтті. Оқушылар өздерінің ең жақын, ең сүйікті жандарын — ата-аналарын, аға-інілерін, әпке-сіңлілерін, ата-әжелерін үлкен ықыласпен бейнеледі.
Әрбір жұмыс мейірімділікке, шынайылыққа және сүйіспеншілікке толы. Балалар суреттері арқылы отбасының қамқорлықтың, қолдаудың, бақыт пен жылулықтың мекені екенін көрсетті.
Барлық қатысушыларға шығармашылық белсенділіктері, жарқын идеялары және әсерлі жұмыстары үшін алғыс білдіреміз! Әр шаңырақта махаббат, татулық және отбасы жылуы арта берсін!
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні