Текст
"Кітап апталығын" өткізу кезінде оқушылар көңілді, қызықты сайыстарға қатысты. Кітапханада апта бойы мерекелік көңіл-күй орнады. Кітап көрмесі күн сайын өзгеріп отырды. Оқушылар балалар жазушылары мен ақындарының өлеңдерін оқыды, ұнаған кітапты жылдамдыққа оқыды, түрлі-түсті суреттерден қысқа әңгімелер құрастырды, оқыған кітабы туралы қызығушылықпен айтты. Барлық іс-шаралар кітап пен оқуға деген қызығушылықтың артуына ықпал етті, қиялды, есте сақтауды дамытты, білім алушылардың жағымды адамгершілік қасиеттерін қалыптастырды.
Кітапханашы: Шокаева. С. О.