Онкүндіктің ашылуы
«Тіл - ұлттың жаны,әдебиет - рухтың шамшырағы»
Бүгін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын ояту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Ашылу салтанаты мазмұнды әрі қызықты форматта ұйымдастырылды. Оқушылар қазақ тілі туралы өлеңдер оқып, тілдің құндылығы мен маңызын насихаттады. Сонымен қатар түрлі танымдық тапсырмалар мен қызықты сәттер арқылы өз өнерлерін көрсетті.
Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы!