«Ұстаздарға арналған пошта»

Ұстаздарға арналған пошта - жүрекке жылу сыйлайтын сөздер! Мектебімізде ұстаздарға ерекше көңіл күй сыйлап, жүректеріне жылу ұялатқан «Ұстаздарға арналған пошта» акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында оқушылар өз ұстаздарына арнап жүрекжарды тілектерін, жылы лебіздерін, алғыстары мен ізгі ниеттерін хат арқылы жеткізді.