Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына орай 18 мамырда 3-сыныпта «Ақындар кездейсоқ туылмайды» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Іс-шараның міндеттері:
1.О.Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылық жолын зерделеуге жеке мағынасын өзектендіру.
2.Оқушылардың поэтикалық мәтінді мәнерлеп оқу қабілетін, көркемдік талғамын, ақын шығармашылығына деген қызығушылығын дамыту.
Іс-шара барысында оқушылар талантты ақын, тарихшы, философ, публицист, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығы, қоғамдық қызметі туралы әңгімеледі.
Бастауыш сынып мұғалімі Глущич Л.В.
«Олжас Сүлейменов және оның шығармашылығы»
Бүгін 18 мамыр күні 7 сынып оқушылармен «Олжас Сүлейменов және оның шығармашылығы» атты әңгіме өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, назарларын О.Сүлейменовтің "Невада-Семей"қоғамдық қозғалысындағы рөліне аудару.
Іс-шара барысында оқушылар Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, өлеңдерінен үзінді оқып, бейнефильм көрді.
Шаймерденова С.Л.