Ұйымдар тізімі
Онкүндік тарихы аясында 5-9 сынып оқушылары арасында «Тарихи фильмдерді көру және талқылау» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның мақсаты -білім алушылардың тарихи оқиғалар туралы білімдерін кеңейту, тарих пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ талдау және сыни ойлау дағдыларын дамыту болды.
Іс-шара барысында қатысушылар әртүрлі тарихи кезеңдердің маңызды оқиғалары мен тұлғаларын бейнелейтін тақырыптық тарихи фильмдерді тамашалады. Көрсетілімнен кейін пікір алмасу ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салып, әсерлерімен бөлісті.
Іс-шара танымдық әрі қызығушылық тудырған ортада өтіп, білім алушылардың «Тарих» пәніне деген қызығушылығын тереңдетуге ықпал етті.
Тарих пәні мұғалімдері: Терзиди С.П., Григоренко Т.В.
Қауіпсіз интернет күні