«Құпия конверт»
Бүгін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында «Құпия конверт» атты қызықты танымдық акция ұйымдастырылды.Акцияның мақсаты – оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, білімдерін шыңдау, ойлау қабілеттерін дамыту және үзіліс уақытын тиімді ұйымдастыру.Әр үзіліс – жаңа мүмкіндік, әр конверт – жаңа тапсырма!» ұранымен өткізілген акция барысында оқушыларға түрлі-түсті құпия конверттер ұсынылды. Әр конверттің ішінде қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты қызықты сұрақтар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, сөзжұмбақтар мен грамматикалық тапсырмалар жасырылды.
Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, өз білімдерін көрсетіп, белсенділік танытты. Әсіресе, тосын тапсырмалар мен күтпеген сұрақтар оқушылардың ерекше қызығушылығын оятты.Акция оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, қазақ тілінде еркін ойлауына және білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануына мүмкіндік берді.