«Әжелер мен аталардан өнеге»

«Әжелер мен аталардан өнеге»
Күзгі демалыс жоспары аясында мектебіміздің оқушылары арасында таза ауада «Әжелер мен аталардан өнеге» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар аға ұрпақтың өмірлік тәжірибесі мен даналығына үңіліп, халқымыздың бай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын еске түсірді. Сонымен қатар отбасы құндылықтары, үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру және ұлттық мәдени мұраны сақтау туралы мазмұнды әңгіме өрбітті.
Әжелер мен аталар-отбасының берекесі, ұрпақтар сабақтастығының алтын көпірі, халқымыздың рухани қазынасы. Олардың ақыл-кеңесі мен өнегелі өмір жолы жас ұрпақты мейірімділікке, еңбекқорлыққа, ізеттілікке және жақындарына қамқор болуға тәрбиелейді.
Осындай тағылымды кездесулер балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, үлкенді сыйлау мен отбасын қадірлеудің маңызын терең түсінуге ықпал етеді.
Ата-баба өнегесі - ұрпаққа аманат! Ақсақалдардың ақ батасы мен әжелердің ақ тілегі ұрпақ жүрегінде сақталып, халқымыздың ізгі дәстүрлері ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін!
Сынып жетекшісі: Григоренко Т.В