«Әуенді тап»

Көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық (АӘД) онкүндігі аясында мектебімізде мұғалімдер мен оқушылар командалары арасында «Әуенді тап» атты музыкалық шоу өтті.
Таныс әуендер бірінен соң бірі шырқалып, қатысушылар оларды қарсыластарынан бұрын табуға тырысты. Тартысты сайыста екі команда да музыкалық есте сақтау қабілеттерін, белсенділіктерін және командалық бірліктерін көрсетті.
Әрбір жаңа кезең күтпеген жауаптарға, қызу талқылауларға және көрермендердің зор қолдауына толы болды. Күлкі, қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Ешкім де жеңісті қарсыласына оңайлықпен бергісі келмеді!Бұл кездесу баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мұғалімдер мен оқушылардың бірге уақытты қызықты әрі көңілді өткізе алатынын тағы бір мәрте көрсетті.