"Жаратылыстану әлеміне саяхат» пәндік апталығы аясында «Энергияның түрленуі және сақталуы» тақырыбында физика сабағы өтті. Оқушылар сабақтың мақсаты мен критерийлерін өз бетінше анықтады.
Алдыңғы сабақтарда алған білімдерін пысықтау мақсатында эксперимент қарастырылды , зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сабақ тақырыбында керекті жаңа құрал-жабдықтармен танысты, практикалық дағдыларды көрсетуде оқушылар Магсвелл маятникінің жұмыс істеу принципін түсіндірді.Өйткені физика сабақта құрал-жабдықтарды пайдалану балалардың еңбекке деген қызығушылығын арттырады, зейіні мен ойлауының дамуына ықпал етеді. Сабақ талдау,синтез,салыстыру және жалпылау арқылы ақыл-ой дамытуға бағытталған. Сабақтың соңында оқушылар онлайн тест тапсырмаларын орындады.
Физика мұғалімі: Нуркеева Г.Н.