Қазақстан тарихы сабағы

28 сәуірде БО пәндік апталығы аясында 8 сыныпта Қазақстан тарихы сабағы өткізілді.

Сабақтың тақырыбы: қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы.

Зерттеу сұрағы: халықтың жадында қандай қазақстандық батырлардың есімдері сақталған?

Сабақтың мақсаты: қазақстандықтардың екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске қосқан үлесін бағалау.

Сабақта оқушылар «Соғыс» сөзіне ассоциативті қатар құрды, терминдер мен анықтамаларға сәйкес тапсырмаларды орындады; «Бұл сан нені білдіред» тапсырмасын орындады.

Мәтінмен жұмыс кезінде кейіпкерлердің есімдері анықталып, олардың ерліктері сипатталды.

Сабақ соңында тапсырманы орындады

«Тарихи домино «Қазақстандықтар ҰОС-да» және Кім? Қайда? Қашан? сұрақтарына жауап берді.

Терзиди С., тарих пәнінің мұғалімі