«Жоғалған нотаны іздеу»
Көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндері онкүндігін өткізу жоспарына сәйкес мектебімізде 5-6 сынып оқушылары арасында «Жоғалған нотаны іздеу» атты қызықты музыкалық квест өткізілді.
Квест барысында оқушылар жоғалып кеткен нотаны табу үшін өздерінің қиялдарын, шығармашылық қабілеттері мен тапқырлықтарын көрсетті. Қатысушылар еш жерде кездеспейтін, ерекше әрі қиял-ғажайып музыкалық аспаптарды ойлап тауып, олардың суреттерін салды.
Әр оқушы өз өнертабысын қызығушылықпен таныстырып, оның қандай ғажайып әуендер мен дыбыстар шығаратынын әсерлі түрде баяндады.
Музыкалық квест оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, музыкаға деген қызығушылығын арттыруға және өз қиялын еркін жеткізуге мүмкіндік берді. Іс-шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, оқушыларға жағымды эмоциялар мен шығармашылық шабыт сыйлады.